Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтан маңында пойыз апатқа ұшырады

  • Нұр-Сұлтан маңында пойыз апатқа ұшырады

    Нұр-Сұлтан маңында пойыз апатқа ұшырады

Бес вагон бір қырына аударылған, оқиға орнында арнайы комиссия құрылды. Ақмола облысында дизель отыны бар сегіз вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдай 5 мамыр күні 01:55-те Нұр-Сұлтан – Көкшетау теміржол учаскесінің Ақкөл станциясында болған. Жүк пойызының сегіз вагонының бесеуі бір қырына аударылып, дизель отыны төгілген.


Жамбыл облысында пойыз апатына кінәлілерге қатысты үкім шықты


"Аталған жағдайды тергеу үшін оқиға орнында арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін Бурабай және Нұр-Сұлтан станцияларының қалпына келтіру және өрт пойыздары, сондай-ақ Ақкөл ауданы ТЖБ өрт сөндіру машиналары мен персоналы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.


Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады


Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жүк пойызының апатқа ұшыруына вагон рамасының сынуы себеп болған, вагондардың меншік иесі – "Исткомтранс" ЖШС.


Төтенше жағдай болған учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына кедергі келтірілген жоқ.


ҚТЖ атап өткендей, заңда белгіленген тәртіппен барлық шығынды жүк вагонының меншік иесі өтейді. 




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.05.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30