Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G желісі тексерілуде

06 қазан 2021, 11:50

Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

 Министр өзінің Instagram парақшасында кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір жақсарғанын байқағаны туралы жазды.

"Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр. Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетуде", - деді Бағдат Мусин.

Stan.kz