Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтан тұрғыны жоғары лауазымды шенеуніктің ұлын алаяқтық жасады деп айыптады

  • Нұр-Сұлтан тұрғыны жоғары лауазымды шенеуніктің ұлын алаяқтық жасады деп айыптады

    Нұр-Сұлтан тұрғыны жоғары лауазымды шенеуніктің ұлын алаяқтық жасады деп айыптады

Елорда тұрғыны Алтынай Үсенова парламент сенатының бұрынғы аппарат жетекшісі, қазір орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың баласына шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол жас жігіт алаяқтық жолмен өзінен 257 миллион теңге алғанын айтады. Істі полиция тексеріп жатыр. Бірақ әйел алаяқтың туысы әділдікке жетуге мүмкіндік бермейді деп отыр. 
Алтынай Үсенова сотқа дейінгі тергеу барысын бақылау үшін Алматыға келуге мәжбүр болды. Күдікті Олжас Сыдықов - оның танысы. Алтынайдың айтуынша, екі жыл бұрын ол Алматыда көкөніс сататын кәсіп ашатындығын айтып, оны жобаға инвестиция салуға шақырған. Осы сәттен бастап Алтынай өзінің мүлкін сатып, Олжасқа ақша берді. Күдікті Олжас Сыдықов - парламент сенатының бұрынғы аппарат жетекшісі, қазір орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың ұлы.

"Ол қамауға алынып, тергеу абақтысына қамалды. Үш айдан бері мен әділдікке жете алмай жүрмін. Осы уақытқа дейін бірде-бір шоты бұғатталып, мүлкі тәркіленбеді", - дейді жәбірленуші Алтынай Усенова. 

Алматы полициясы "Аса ірі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол қолма-қол 257 миллион теңге алған. Алтынайдың айтуынша, Олжас Сыдықов бес жалған компания құрып, бизнесті алға жылжыту үшін келісімшарттар берген. Тек инвестициядан қайтарым болған жоқ, дейді Алтынай. Жәбірленуші оның ақшасын қайтаруды сұрайды. 

"Мұндай нәрсе жоқ. Мен ешкімге жүгінген жоқпын. Ол ересек адам, өз іс-әрекеті үшін өзі жауап беретін қабілетті азамат. Біз тергеуді күтеміз. Егер оның кінәсі болса, жаза тағайындалады. Мен не істей аламын?" - дейді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов.

Полиция бұл іс тергеліп жатқанын және келесі аптада сотқа жеткізілетінін айтты. 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30