Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолында көпір құлады

  • Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолында көпір құлады

    Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолында көпір құлады

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпірі бөлшектеу жұмыстары кезінде опырылып құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алаш тас жолындағы «Бүкір» көпірінің құлауы туралы ақпарат 20 қыркүйекте сағат 04:50-де түскен. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді. Келгеннен кейін «КазахДорСтрой» ЖШС бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде темір жолдарға темірбетонның құлағаны анықталды.

«Бұл жерде жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда, көпір демонтажы жүргізілуде, пойыздардың қозғалысын кідірту жоқ, көпір бойынша машиналардың қозғалысы тек сол жақ бөлігінде ғана жабылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖД.

Сондай-ақ, ведомство осы жылдың наурыз айында жол өткеліне визуалды тексеру жүргізілгенін еске салды. Анықталған ақаулары бар объект авариялық деп танылды, осыған байланысты осы көпір бойынша қозғалыс шектелді.

«Құрылыстың техникалық жай-күйін тексеру негізінде аталған жол өтпесі және  көпірдің бір бөлігі жабылды», - деп нақтылады департаменттен.


 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 13:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31