Туған кездегі сәбидің бойы - 63 см. 30 жастағы елордалық келіншектің бұл отбасындағы үшінші баласы. Кішкентай батырды үйде әпкесі мен ағасы асыға күтіп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Елордалық №3 көпбейінді аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 келі болатын сәби дүниеге келді.
Медбикелер Исатай батыр деп еркелетіп атап кеткен сәби 4 тамызда дүниеге келді. Анасы баласын жүктіліктің 39 аптасында өзі - табиғи жолмен босанды.
-Қиын болды. Қалай дегенмен де дәрігерлерге ризамын. Көптеген маман қасымнан табылып, қолдау көрсетті, жағдайымды бақылап отырды. Тіпті босану бөлімінің және босанғаннан кейінгі бөлімнің меңгерушілері де келіп, мені қарап жүрді, - дейді жаңа туған нәрестенің анасы
Жаңа туған сәби мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді және жақын күндері үйге шығады.