Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда автобустардың жүру уақыты өзгерді

  • Нұр-Сұлтанда автобустардың жүру уақыты өзгерді

    Нұр-Сұлтанда автобустардың жүру уақыты өзгерді

Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады

Елордада қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар ертеңнен бастап кешкі сағат 21.00 дейін жүреді. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС төрағасы Бекмырза Игенбердинов  мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Автобустардың жүру уақыты қысқарады. Ертеңнен бастап қалалық, экспресс, сондай-ақ, қала маңы бағдарлары сағат 21.00-ге дейін ғана жүреді", деді Игенбердинов астанада өткен онлайн брифингте. 

Сонымен бірге, оның айтуынша, карантинға байланысты 19 наурыздан бастап жолаушылар таситын автобустардың саны 856-дан 676-ға дейін қысқарады. 

Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады. 

Ол автобустарды, аялдамалар мен автобус парктерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 
Соңғы екі үш күнде астанадағы автобустарда жолаушылар ағыны қырық процентке азайған.

Айта кетсек, 19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы карантинге жабылады. Қалаға көліктердің кіріп шығуы шектеледі. 

Соңғы дерекке сүйенсек, елордада он сегіз адам коронавирус жұқтырған. Тағы он сегізі Алматы қаласында. Республика бойынша барлығы 36 пациент тіркеліп отыр. 

Түнгі 00.00-ден бастап Алматы қаласында да карантин енгізіледі. 

16 наурыздан Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды, ол 30 тәулікке созылады.


sputniknews.kz




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30