Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді

  • Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді

    Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді

Биылғы эпидемиологиялық жағдайға және елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

18 қаңтардан 19-ына қараған түні православ христиан дінін ұстанушылар үшін крещение мерекесі өтеді. Алайда биыл эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда арнайы ойық орнатылмайды.

 

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылуға тыйым салынған. Құлшылық ету кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс, яғни ғибадатхана ішінің 30%-ы ғана толуы тиіс және бұқаралық іс-шараларды өткізуге міндетті түрде тыйым салыну қажет, &mdash деді Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

 
Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша мереке күндері шомылуға және жұртшылықтың жиналуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтардың күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.

 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр.


BAQ.KZ




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 23:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31