Нұр-Сұлтанда екі көше жөндеуге жабылады

08 мамыр 2022, 11:20

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылы мен Бөкейхана көшесінде жол төсемі жөнделеді. Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылы мен Бөкейхан көшесінің бойындағы жол төсемін орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 7-9 мамыр аралығында Бөкейхан көшесі мен 8-9 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы және Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы Jusan Bank ауданында автокөлік құралдарына қозғалыс толығымен жабылады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді басқарма өкілдері.