Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр

  • Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр

    Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр

Елордадағы көшпелі бригадалар қаланың түрлі кәсіпорындары мен ірі ұйымдарының қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізіп жатыр. КВИ вакцинасын алуға әртүрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары ниет білдірді. Олардың арасында «Астана-АЭК» АҚ, Еуразия Ұлттық Университеті, «Астана Балет» театры, «Нұр-Әлем» павильонының қызметкерлері, құрылыс компаниялары, СОО, мемлекеттік органдар және т.б. бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 
«Қазір өз қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялағысы келетін ұжымдар жиі жүгіне бастады. Ниет білдірушілердің тізіміне сәйкес сол жерде вакцинация жүргізу үшін МСАК ұйымдарының көшпелі бригадаларын жібереміз. Меншік иелерінің аумағында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып егу пункттері ұйымдастырылған», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Оның айтуынша, әртүрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.

«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері вакцинация COVID-19-ға қарсы тұрудың басты тәсілі екенін атап өтті.

«Ұжымды вакцинациямен қамту үшін кәсіпорында егу пункті ұйымдастырылды. Оны өткізу үшін бізге №5 қалалық емхананың медперсоналы келді. Пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметі жеке кабинет ұйымдастырып, тұрғындардың бір орынға жиылып қалуына жол бермеу үшін қатаң қабылдау кестесін әзірледі», — деп атап өтті "Астана-АЭК" АҚ.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің жұмыс кестесі таңғы сағат 8-ден 12-ге дейін, "Mega Silk Way" СОО-да таңғы сағат 10-нан 22-ге дейін ұзартылды.

Оның айтуынша, 1-ден 3-ке дейін көшпелі бригадалардың саны да қалыптасуда.

Жалпы, қалада КВИ-ға қарсы вакцинаны 40 мыңнан астам адам қабылдады.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 15:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31