Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар ғаламтор арқылы есірткі саудалаған

01 тамыз 2022, 14:20

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар ғаламтор арқылы есірткі сатқан. Күдіктілерді ұстау кезінде олардан 3 келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Интернет-дүкен әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлердің назарына іліккен. Сайт әкімшісінің жеке басын анықтағаннан кейін есірткіні жеткізушілермен және кепілгерлермен барлық мүмкін байланыстарды орнату үшін оны бақылау ұйымдастырылды.

Ұстау бірден екі мекенжай бойынша жүргізілді. Дүкен иесі синтетикалық есірткі салу кезінде ұсталды. Ұсталған сәтте автокөліктен сатуға дайындалған мефедрон салынған 60 түйір табылды. Есірткіні автокөлікте жатқан қаңылтыр сыра банкісінде жасырған.

Сонымен қатар пәтерде есірткі саудасымен айналысатын тағы бір адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан. Тұрғылықты жерін тінту кезінде мефедронның тағы 157 мөлшері, есірткі салынған пластикалық науалар, сондай-ақ каннабис шайыры бар 886 желатин капсулалары тәркіленді. Заттай дәлелдемелерге сол жерден табылған электрондық таразылар, буып-түю ыдыстары, өлшеу қасықтары, есірткіні өлшеп-орау үшін қажеттінің бәрі қоса тәркіленді.

Ұстау нәтижесінде ерлі-зайыптылардан 3 келіден астам синтетикалық мефедрон препараты және 260 грамм каннабис шайыры тәркіленді. Қала көшелеріне есірткінің 10 мыңнан астам мөлшерін жіберудің жолы кесілді. Қазіргі уақытта елордаға мефедрон жеткізу арнасы орнатылды, қылмыскерлердің елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар адамдармен байланысы тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.