«Қазгидромет» РГП 23 қарашада Нұр-Сұлтан, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 
Аймақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжануда.
Нұр-Сұлтанда дауыл болу ықтималдылығы 85-90%, Жамбыл облысында- 90-95%, Түркістан облысында - 90-95%, Батыс Қазақстан облысында - 85-90%, Маңғыстау облысында - 85-90%, Солтүстік Қазақстан облысында - 90-95% және Ақмола облысында - 85-90%.