Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді

  • Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді

    Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспананың кілтін табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан басталған &ndash жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бүгін оларға Алматы ауданы, Қордай көшесі, 76-үйде 350 пәтер берілді. «Қадамдық қолжетімдік» қағидатына сәйкес, үй маңында денсаулық сақтау және білім беру нысандары бар. Бұл аумақты көктемде абаттандырамыз: ағаштар отырғызып, орындықтар орнатамыз», &ndash деп жазады қала әкімі.
Оның айтуынша пәтерлер тек 5 жылға беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істейтін жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинай алады. 2021 жылдың соңына дейін оларға тағы 1050 пәтер беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемі 3 есеге ұлғайды. Жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстарға Үй құрылыс комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар &ndash құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады», &ndash дейді Алтай Көлгінов.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 23:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31