Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

  • Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

    Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакцинациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

 Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты КВИ-дан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды», — деді Бақтияр Мәкен.
Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинациялауға жазу бойынша call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадрлар мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30