Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар өткен жылы көз жұмған бес қыз балаға ас берді

  • Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар өткен жылы көз жұмған бес қыз балаға ас берді

    Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар өткен жылы көз жұмған бес қыз балаға ас берді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көпбалалы аналар өткен жылы өрттен көз жұмған бес қыз балаға арнап, ас берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар былтыр қайтыс болған бес қызға арнап ас берді

Фото: azattyq.org / Өркен Жоямерген

Асқа жүзге жуық адам жиналған. Олардың арасында әкімдік өкілдері де бар.

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500, 1000, 2000 мың теңгеден қосыпты.

"Былтыр үлкен қайғы болды. Оны ұмытуға хақымыз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан шыдай алмай, аналар болып жиналып, шын ықыласпен құран бағыштайық деп ниет еттік. Айтуға да ұят шығар, бірақ бұл оқиғадан кейін халық оянып, құқықтарын талап ете бастады, жәрдемақыға, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпауымыз керек", - дейді еске алу шарасын ұйымдастырушылардың бірі Айжамал Сареева.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 4 ақпанында астанадағы аудандардың біріндегі времянкалардың бірінен өрт шығып, 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бір үйдің бес қызы мерт болды.

Қайғылы жағдай орын алған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған.

Бес періште бесінші ақпан күні жер қойнына берілген еді.

 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 20:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30