Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғандарға айыппұл салынады

  • Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғандарға айыппұл салынады

    Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғандарға айыппұл салынады

Қала тұрғындары карантин және оқшаулау режимін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

 
Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандары арқылы үй карантинін бұзған 3550 адам анықталды. Олардың ішінде «қызыл» статусы бар, яғни COVID-19 жұқтырған 1651 келуші, «сары» статусы бар 1899 адам анықталды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық штабының отырысында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мәселелері қаралды.

Карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторинг топтарына жұмысты күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, мобильді топтар "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмысын тексереді. Яғни келушілердің статусын тексеретінін, санитарлық нормалардың сақталатынын, белгіленген уақыт режимі бұзылмайтыны және т.б. Карантиндік шаралар бұзылған және сақталмаған жағдайда нысандар жабылады.

Сонымен қатар, оқшаулау режимін бұзатын және адам көп жиналатын орындарға баратын азаматтар да жауапкершілікке тартылады. Айыппұл сомасы шамамен 90 мың теңгені (30 АЕК) құрайды.

«Коронавирус көрсеткіші азайып жатқанына қарамастан қала әлі де «қызыл» аймақта. Сырқаттанушылықтың төмендеуі вакцинация есебінен жүріп жатыр. Вакцинацияланғандардың санын көбейтіп, ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отырып, біз коронавирусты жеңе аламыз.

Мұндай жауапсыздығынан жақындарына қауіпті індетті жұқтыруы мүмкін екенін ескермейді. Олардың ағзасы коронавирусты жеңе алатынына кепілдік жоқ. Сондықтан біз қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Мұның бәрі қала тұрғындары мен елордамыздың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр», - деді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқат Бейсенова.




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 15:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31