Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұр-Сұлтанда пара алған аудан әкімінің орынбасары үш жылға сотталды

18 қазан 2019, 16:09

Нұр-Сұлтанда Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы Алматы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т.М. Тілеуов пен "Лайн Групп" ЖШС және "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Б.К. Әбдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - деді ведомство.
Тілеуов Алматы ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін Б.Әбдиевтен 5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.

17 қазанда Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы кесілген.

Осындай үкіммен Әбдиев пара бергені үшін сотталды және оған 71 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.