Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұр-Сұлтанда ірі спорт кешені бұзылуы мүмкін

10 ақпан 2021, 14:41

Қала әкімінің айтуынша, спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2022 жылы аяқталады деген жоспар бар
Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Қазақстан" спорт кешенін қалпына келтіру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан" спорт кешені Алматы ауданының халық тығыз тұратын жерінде орналасқан. Қазіргі кезде ол нысан апаттық жағдайда тұр, пайдалануға жарамсыз. Әсіресе, төбесі және басқа да негізгі конструкциялары тозған. Сол себепті біз жобалық-сметалық құжаттарды әзірледік. Биыл күрделі жөндеуді бастаймыз. Бәлкім, ол ғимаратты толығымен бұзып тастауға тура келеді", &ndash деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның сөзіне қарағанда, кәсіби мамандар ғимаратты қалай және қай жерін бұзу керектігін көрсетеді. Бірақ күрделі жөндеу жұмыстарының биыл басталатыны анық. Ал 2022 жылы аяқталады деген жоспар бар.

"Қала тұрғындары осы мәселеге қатысты жиі сұрақ қояды және жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауды сұрайды. Өйткені, спорт кешеніне көп адам келеді. Бұл жерде жастар да жиі болып, спортпен айналысады. Сондықтан біз бәрін дұрыстап, оны қайта ашып береміз", &ndash деп атап көрсетті Көлгінов.

Оқи отырыңыз: "Келесі жолы жарысқа қатысамын": Спорт министрі жұртты таңғалдырды

Айта кетейік, "Қазақстан" спорт кешені 2001 жылы ашылған болатын. Мұз айдынына 4 мың адам сыяды.