Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

  • Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

    Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

50 адамнан аспайтын орынға есептелген кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп түсіндірді әкімдік қызметкерлері

25 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

"Жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысын жандандырудың шарты – залдағы орын саны 50-ден аспауы тиіс. Келушілер орындар санына сай болуы керек, олар іргелес үстелдердің соңғы орындары арасындағы кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет", - делінген санитар дәрігердің қаулысында.

Сонымен бірге ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет, салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне сауда және ойын-сауық орталықтары ғимаратында орналасқан кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты. Елорда сауда орталықтарындағы фудкорттар әзірге жұмыс істемейді.




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 23:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31