Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцина қашан егіле бастайтыны белгілі болды

  • Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцина қашан егіле бастайтыны белгілі болды

    Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцина қашан егіле бастайтыны белгілі болды

Нұр-Сұлтанда 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала тұрғындары тұмауға қарсы егіледі. Мамандар тұмауға қарсы екпені қалай алуға болатыны туралы әкімдіктегі брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“15 қыркүйектен бастап біз жыл сайын алдын алу мақсатында жүргізілетін тұмауға қарсы вакцинацияны бастаймыз. Вакцинация 15 қазанға дейін жалғасады және ол аумақтық бекітілген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады. Оны белгілі бір санаттағы адамдар тегін ала алады, қалған барлық азаматтар өз емханалары мен жеке ұйымдарына жүгіну арқылы өз есебінен вакцинациялана алады”, –  деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Сөзінше, қазіргі уақытта денсаулықты қалыпты ұстауға арналған ең жақсы құрал вакцинация.

“Вакциналар ауыр асқынулар мен тіпті өлім қаупін азайтады. ДДҰ мәліметтері бойынша, вакцина орта есеппен 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде инфекцияның шамамен 60% -ын алдын алады. Тұмауға қарсы вакцина вакцинация процесінен кейін шамамен 14 күн өткен соң күшіне енеді", – деді шенеунік.


Оның мәліметінше, халықты тұмауға қарсы вакцинациялау үшін елордаға 160 мың доза вакцина келіп түскен. 3 600 оқушы, 1 900-ге жуық жүкті әйел, 2 500 медицина қызметкері, созылмалы аурулары бар 13000 ересек адам тұмауға қарсы тегін егуді жоспарлап отыр.




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 23:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30