Нұр-Сұлтанда түзету мекемесіндегі жазасын өтеуші сүйіктісімен некесін қиды

20 маусым 2022, 13:46

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесiнде жазасын өтеуші 3 жыл бұрын бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некесін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Turkistan” порталына сілтеме жасап.

Жазасын өтеуші бостандыққа шыққан соң отбасына қамқор болатынын және балалы болуды армандайтынын жеткізді.

“Түзету мекемесінде жақындарыңмен көрісуге мүмкіндік беріледі. Енді мен жарыммен кездесіп тұрамын және мені күтетін адамның барын біліп, бостандыққа тез шығуға тырысамын”,-деді ол.

Ал күйеуі жарының жаза мерзімінің бітуін күтетінін және қолдау көрсететінін айтты.


Сарымсақ ұрлағаны үшін басын кесіп, денесін өртеп жіберген: Қостанайда адам өлтірген күзетшілер қатаң жазаға тартылды
"Әруақтан қорықпай ма?": Атыраулықтар адам жерленген орынға көпқабатты үй салуға қарсы

Бұндай жағдайлар мекеме тарихында болып тұрады. Осылайша айыпталушылар қоғамнан өз орынын табуға, отбасын асырауға ұмтылып, теріс жолдан бойын аулақ ұстайды. Сәйкесіне үйленген, отбасылылардың мерзімін де осы себептен қысқартуға ынталандырып жатады. Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеушілердің некесiн қиюдағы басты мақсаты жанұя алдында жауапкершiлiктi сезiндiру. 

“Некелесу бұл ерлі зайыптылар үшін өте маңызды, жауапты шешім. Біздің қызметкерлер бұл жолда жазаланушыларға кеңес айтып, асықпай ойлануына кеңес береді. Осылайша түпкі шешім шыққан болса біз құжаттарды заңдастыруға көмектесеміз”, – деді ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Нұрғали Ажиханұлы.