Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде баланы ұрып-соққан: Полиция кінәліні анықтады

25 қаңтар 2022, 19:24

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алан" балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы "білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді",– деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.

25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда іс қаралмай жатыр деп шағымданған болатын.