Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды

  • Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды

    Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыс құрбандарының саны артты. Тағы бір адам жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бастапқыда нашар болжаммен ауыр халде жатқан науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Науқаста мидың контузиясы бар ауыр ми жарақаты болды.

Науқасты келіп түскен сәттен бастап № 2 МГБ және Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты. Алайда, барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Оның айтуынша, тағы екі зардап шегуші жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалған пациенттер аурухананың бейінді бөлімшелерінде, олардың жағдайы тұрақты.

Еске салайық, 21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған. 

Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. Кейін марқұмның туыстарын 1 млн теңге өтемақы төленетіні белгілі болды.

Барлығы жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31