Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы карантин: Қандай қонақ үйлер қайта жабдықталып жатыр?

  • Нұр-Сұлтандағы карантин: Қандай қонақ үйлер қайта жабдықталып жатыр?

    Нұр-Сұлтандағы карантин: Қандай қонақ үйлер қайта жабдықталып жатыр?

Қазақстан астанасындағы бірнеше қонақ үй қайта жабдықталады, олар адамдарды карантинге қабылдайды деп жоспарлануда.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, "Турист", "Рамада" және "Алау" қонақ үйлерінде қосымша төсек орындар жасақталған.

Айта кетейік, "Турист" пен "Рамада" елорданың оң жағалауында, "Алау" сол жағалауында орналасқан.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавирусқа шалдыққандардың саны көбейген жағдайда олар қонақ үйлерге жатқызылады деп мәлімдеген еді.

"Біз қосымша кереуеттер қоямыз. Бүгін әкімдік "Рамада плаза" қонақ үйінде пациенттерге қосымша орындар жасақтау жұмысын бастап кетті. Қазіргі кезде осы нысанды дайындау мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол жерде карантиндік режим болады", - деді Мәкен.
Әкім орынбасары "С" (коменданттық сағат) енгізілсе, астанада қосымша карантиндік нысандар жабдықталатынын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

 

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды


Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге алынды.

Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр.

Тек супермаркеттер, ауладағы дүкендер, азық-түлік базарлары, дәріханалар, ауруханалар мен емханалар жұмыс істеп тұр.

 sputniknews.kz




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 00:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30