Ел жаңалықтары

Нұрболхан: Ата-анама коттедж салып, өзім Алматыдан үлкен үй алдым

  • Нұрболхан: Ата-анама коттедж салып, өзім Алматыдан үлкен үй алдым

    Нұрболхан: Ата-анама коттедж салып, өзім Алматыдан үлкен үй алдым

Нұрболхан Шарапов отбасындағы қаржылық проблемаларды өз мойнымен көтерген азамат. Бұны өзі ашық мойындайды. Алдымен әке-шешесінің жағдайын жасап, содан соң өз қамына кіріскен. Жағдайым жақсарған соң ғана шаңырақ көтердім дейді әзілкеш. 

Екі оқырманымды тойыма шақырамын: Нұрболхан Шәріпов үйленгелі жатқанын айтты

Бұл туралы Шарапов Зарина Мүсліммен болған сұхбатында айтты. 

 

"Менің отбасымда қиын кездер көп болды. Әкем ауырды. Материалдық қиындықтар болды. Соның бәрін реттеу керек болды. Алдымен ақша жинадым. Тойға шықтым. Ата-анама коттедж үй салып бердім. Содан кейін ғана өз жағдайыма кірістім. Қазір пәтерде тұрып жатырмын. Бірақ үйім бар. Алматыдан үлкен үй алдым. Көлемі 194 шаршы метр. Тек  кілтін алған жоқпын. Карантинге байланысты кілтін ғана ала алмай отырмыз. Кілтін қолыма алған соң халықтан сүйінші сұрайын дегенмін. Қазір бәрін айтып отырмасаң, ешкімге қызық емес болып кетесің", - деді ол.

Нұрболханның айтуынша, жігіт жағдайын жасаған соң үйлену мәселесін ойлану керек. Себебі қазір қыздар жақсы жерде тұрғысы келеді.

"Жағдайың дұрыс болмағаны себепті ажырасу мәселесі де көп. Оны мойындау керек. Кімнің жаман жерде тұрғысы келеді. Бұрын бас қосып алған соң барып жағдайын жасап жататын. Бірақ қазір ондай заман емес", - деді әзілкеш. 

 
 

 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30