Ел жаңалықтары

Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па? (ВИДЕО)

  • Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па? (ВИДЕО)

    Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па? (ВИДЕО)

Ғаламтор кеңістігінде 82 жасында отау құрған Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Қазақ эстрадасының жұлдызы өзінен 45 жас кіші журналист аруға үйленген болатын.

Нұрғали Нүсіпжановтың тағы да әке атанғаны жайлы қауесеттер түрлі әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ондағы ақпаратқа сәйкес, журналист Жадыра Сейдеш белгілі әншіге ұл бала сыйлағаны жазылған.

"Paparazzi" бағдарламасының тілшілері эстрада жұлдызынан бұл жаңалыққа қатысты пікір алмақ болып, оны сұхбатқа тартты, деп жазады nur.kz. Алайда, өнер иесі ұлды болғаны туралы толыққанды жауап бермей қойды. Камераны көрген бойда ол қысқа сөйлеп, бұрылып кетіп қалған.

"Бәрі дұрыс, көкем. Бәрі құтты болсын деп жатыр" , - деп екі ойлы жауап берді Нұрғали Нүсіпжанов.

Еске сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші аруға үйленгені туралы ақпарат өткен жылдың 27 тамызында жарыққа шықты. Желіде Жадыра Сейдеш екеуінің тойындағы суреттері тарап кеткен болатын.

Өнер иесінің таңдауы белгілі журналист Жадыра Сейдешке түскен. Олардың таныстығы тойларына дейін бес жыл бұрын орын алған. Ақпарат өкілі әншіден сұхбат алған. Сонымен қатар, Нүсіпжановтың досы, белгілі сықақшы Көпен Әмірбек оның шаңырақ көтеруіне қатысты пікір білдірді.

Ол өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әйгілі әншінің қайтадан отбасын құруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның ойынша, қарт әртіс ұлды болуды аңсаған. 
#Нұрғали Нүсіпжанов




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30