Нұрлан Қоянбаев президенттің телерадиокешенінде жаңа қызметке тағайындалды

14 сәуір 2022, 20:00

Нұрлан Қоянбаев президенттік телерадиокешеннің шығармашылық директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Белгілі қазақстандық кино және телепродюсер Нұрлан Қоянбаев президент телерадиокешенінің креативті директоры болып тағайындалды", - делінген TRK Telegram арнасындағы хабарламада.

 

Нұрлан Қоянбаев бұған дейін "Қазақстан" телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналардағы жобаларды ұйымдастыруға атсалысып, "Түнгі студия" қазақ шоуының жүргізушісі болды.