Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

17 сәуір 2022, 10:15

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға «тоқта» сигналдары жіберілгендігі туралы ақпарат таратуда. Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

 

– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ, – деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.