Ел жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев ауызашар берді

  • Фото twitter.com/Aidos_Ukibay

    Фото twitter.com/Aidos_Ukibay

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.


Ауызашарға шақырылған қонақтардың ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, парламент депутаттары, дін өкілдері бар.


"Бүгін Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады", - деп жазды Үкібай.


Назарбаевтың баспасөз хатшысы жариялаған суреттерден Елбасымен бір үстелдің басында мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев және Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың отырғанын көруге болады.


2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады.


Sputnik


 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31