Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа кітап жарық көрді

21 желтоқсан 2017, 17:45

«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Осындай атаумен жаңа кітап жарық көрді.

Онда танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің, отандық және шетелдік ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінің мақалалары топтастырылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұщымды сұхбаттар мен зиялы қауым өкілдерінің сөйлеген сөздері жарияланған.

Сондай-ақ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жасаған талдаулары да жинаққа енген. 500 данамен шыққан кітап еліміздегі кітапханалар мен мемлекеттік органдарға, жоғары оқу орындарына таратылды. Электрондық нұсқасы шетелдік кітапханаларға да жолданды. Еңбекті Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтына кіріп те оқуға болады.

Ғазиз Телебаев профессор:

- Мақалада айтқан 6 бағыт бар. Біз санамызды қалай өзгертуіміз керек. Сол 6 бағыт бойынша қазір жұмыс басталу керек деп ойлаймын. Бұл – көбіне ғалымдардың жұмысы. Өйткені сананы өзгерту бұл бүкіл қоғамның ісі деп айтсақ, осыған әр ғылым өзінің үлесін қосады.

24.kz