Ел жаңалықтары

Өкпесі 100 пайыз зақымданған елордалық әйел сау нәрестені өмірге әкелді

  • Өкпесі 100 пайыз зақымданған елордалық әйел сау нәрестені өмірге әкелді

    Өкпесі 100 пайыз зақымданған елордалық әйел сау нәрестені өмірге әкелді

Нұр-Сұлтанда өкпесі 100 пайыз зақымданған коронавируспен ауыратын әйел сау қызды өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Айнагүл Оразбекова 16 наурызда №2 қалалық көпбейінді аурухананың реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда екі жақты вирустық пневмониямен және өкпенің 100% зақымдануымен шұғыл түрде түсті.

 Дәрігерлердің айтуынша медицина қызметкерлері екі ай бойы реанимация бөлімінде науқастың өмірі үшін күрескен.

Босану кезінде де әйел өте ауыр халде болған. Оған коронавирус және ауыр дәрежелі екі жақты вирустық пневмония диагнозы қойылды.

Ауыр жағдайына қарамастан науқас салмағы 4000 г болатын сау қыз баланы дүниеге әкелді.

"Босанғаннан кейін науқастың жағдайы нашарлап кетті: сатурациясы төмен, температурасы жоғары, өздігінен дем ала алмады, интоксикация синдромы өзгеріссіз қалды. Консилиумдар бірнеше рет жүргізілді, нәтижесінде пациент ЭКМО-ға қосылды (экстракорпоралды мембраналық оксигенация). 20 күн бойы оксигенация және гемодиафильтрация жүргізілді", - деді шұғыл Кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы Сейіл Мұхаметқалиев.

Науқас оттегі терапиясына қосылғанына қарамастан десатурациясы өзгермеген. Консилиумның шешімімен ӨЖЖ аппаратына ауыстырылды.

"Дәрігерлер мен медбикелер екі ай бойы науқасты емдеп, бақылап, күтім жасады. Көп ұзамай тоқтаусыз жұмыс нәтижесін бере бастады. 50 тәуліктен кейін пациент реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Аурухана мамандарының топтасып жұмыс істеуінің арқасында науқастың жағдайы жақсарды, гемодинамикасы тұрақтанды. Ең бастысы өз бетінше тыныс ала алатын күйге жетті", — деп атап өтті инфекциялық блоктың меңгерушісі Гүлнұр Әшірбекова.

"Біз Айнагүлге туған жақынымыздай алаңдадық. Ол кісінің күйеуінің бізге толық сенім артып, жақсылықтан үміттенгені бізге қосымша күш берді", — дейді емдеуші дәрігер, пульмонолог Гүлжан Байырбекова.

Төтенше режимде жұмыс істеуге дағдыланған аурухананың жоғары білікті мамандары бірден екі адамның өмірін, яғни науқас пен жаңа туған нәрестені аман алып қалды.

"Дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, инфекциялық блоктың барлық қызметкеріне алғысымды білдіремін. Алдарыңызда басымды иемін. Көрсетілген көмектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін көп рахмет. Алғыс айтқаннан басқа ешнәрсе айта алмаймын, тек ризашылығымды білдіремін. Сәбиімді тезірек қолыма алғым келіп отыр", - деді Айнагүл Оразбекова.

Айта кетейік, бұл — Айнагүлдің үшінші баласы.




Көрілген: 2397    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30