Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оқу ақысы төленiп, жұмыс берiледi

03 маусым 2011, 17:12

Семейдегi мемлекеттiк медицина академиясы болашақ дәрiгерлердiң оқу ақысын өзi төлемекшi. Бiрақ мұның есесiне студенттер оқуды бiтiрген соң, ауылға барып қызмет етуi тиiс.
Медицина академиясының басшылығы осылайша бiрден екi өзектi мәселенi шешпек: ауылдағы дәрiгер маман тапшылығын жою және ақыдан қиналған студенттердi қолдау. Оқу орнының әлеуметтiк бастамасын жергiлiктi билiк те құп көрiп отыр. Шығыс Қазақстан облыстық әкiмдiгi дәрiгерлермен қатар, педагог мамандар қатарын көбейту үшiн қала-аудан әкiмдерiмен және жоғары оқу орындарымен үш жақты келiсiмдер жасады. Бұл құжаттарға сай ауылға баруға ниеттi жас мамандарға баспана мен 250 мың теңге көлемiнде көтерме ақы берiлуi қажет.
Облыстық әкiмдiктiң мәлiметiнше, бүгiнде өңiрде 500-ден астам дәрiгер мен 300-ден астам бiлiктi мұғалiм жетiспейдi.