Ел жаңалықтары

Оқушылар аралас форматқа көшті: министрлік мектеп формасы мәселесін түсіндірді

  • Оқушылар аралас форматқа көшті: министрлік мектеп формасы мәселесін түсіндірді

    Оқушылар аралас форматқа көшті: министрлік мектеп формасы мәселесін түсіндірді

Бүгінде елдегі оқушылардың 47 проценті штаттық режимде оқыса, 53 проценті әлі де қашықтан білім алып жатыр
Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының аралас оқыту форматына көшуіне байланысты мектеп формасы мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-министр Шолпан Қаринованың айтуынша, оқу жылының басында қабылданған бұйрық өзгерген жоқ. Құжаттың күші аралас оқыту форматында сақтала береді.

"Ата-аналарды мазалап жатқан тағы бір үлкен мәселе – мектеп формасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық шығарылып, толық оқу жылында мектеп формасын сақтамау бойынша ұстаным қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады", - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматқа ауыстырылды. Бұған дейін олар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылған болатын. Ал халықаралық мектептерде 1-7 сынып оқушылары аралас режимде білім алады. 300-ге дейін оқушысы бар мектептер штаттық режимде жұмыс істей береді.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша оқушылардың 47 проценті штаттық режимде оқыса, 53 проценті әлі де қашықтан білім алып жатыр.
 
 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 14:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30