Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Оқушыны қағып кетті»: Елордада наразы ата-аналар көшені жапты

19 желтоқсан 2022, 23:13

Елордадағы №38 көшенің маңында бір топ ата-ана наразылыққа шығып, жолды жапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

 
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазбаларға сүйенсек, сол жағалауда орналасқан көше бойындағы BINOM мектебінің маңында бір оқушыны көлік қағып кеткен. 

Ата-аналардың айтуынша, көше тас қараңғы, жарық тартылмаған. 

Мектептің қасындағы көшеде бір жыл бойы аялдама да, жарық та жоқ. Жол бойында тұрған балалар қараңғыда көрінбейді. Жарты сағатта бір келетін 28 автобусты балалар бүрсең-бүрсең қағып күтіп тұрады. Оларға қарап қарадай жаның ашиды. Мен өзім бірнеше рет 109-ға хабарласып, аялдама мен жарық керек екенін айтқанмын. Жақында ғана аялдама қойылды, бірақ есігі жабық. Ол не үшін тұрғаны белгісіз, - деді баласы BINOM оқу ордасында оқитын ата-аналардың бірі. 
Бастамашыл топ бұған дейін бұл көшеде мұғалімді көлік қағып, мерт болғанын алға тартты. Алайда өкінішке қарай, ешқандай шара қолданылмаған. 

Есіл ауданы, қаланың сол жақ жағалауы. Бұл көшеде «Саранда» тұрғынүй кешені бар. Мен өзім бірнеше рет сол жерде бағдаршам істемей тұрғанын көрдім. Ондай кезде мүлдем қорқынышты. Тас қараңғы көше. Балалар балалығын жасап жүгіріп өтіп жатты. Бұл деген бала өмірі үшін үлкен қауіп-қатер, - дейді қала тұрғыны. 

Істің мән-жайын анықтамақ болып  сұрастырғанымызда, әзірге қала әкімшілігі мен білім басқармасы да, тіпті Оқу-ағарту министрлігі де бұл істен бейхабар болып шықты.