Ел жаңалықтары

Олжас Сүлейменов Әзірбайжан халқына қолдау білдірді

  • Олжас Сүлейменов Әзірбайжан халқына қолдау білдірді

    Олжас Сүлейменов Әзірбайжан халқына қолдау білдірді

Қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов AzTV телеарнасына шығып, Әзірбайжан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзірбайжан менің жаныма жақын бауырлас ел. Сондықтан бұл ұлы халыққа мен шын ниеттіммен жанашырлық танытамын. Мен Бакуде, Гянджада, Шушада, Физулиде және өзге де қалаларда керемет күндерді өткіздім. Мұның барлығы Кеңестік заманда болды. Мен қазіргі жағдайдан хабардармын. Біз бәріміз бұл қиындықпен 30 жыл бойына өмір сүріп келеміз. 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында болған қайғылы оқиғалар жанымызға бататыны сөзсіз. 1990 жылдардағы қара қаңтар кезінде мен сол жерде болдым» - деді Олжас Сүлейменов
Жазушының айтуынша, Таулы Қарабақтағы бүгінгі жағдай Минск тобына кіретін елдердің әрекетсіздігінің «нәтижесі».

«Өкінішке қарай, 30 жыл бойына олар ешқандай шара қолданған жоқ. Сондықтан, Әзірбайжан өз жерлерін босатуға мәжбүр болды» - деді жазушы.
Олжас Сүлейменов кейбір елдімекендердің басқыншылықтан босағанына қуанышты екенін білдірді.

«Мен Физули қаласының қысымнан босағанын естідім. Қазір ол жақтың қандай екенін білмеймін. Бірақ мен болған жылдары көз тартатын керемет шаһар саналған. 30 жыл қысымда болған жеті аудан босатылады деген үміттемін. Минск тобы да жағдайды дұрыс бағалап, Әзірбайжанның өз жерін қайтарып алу бастамасын қолдайды деген ойдамын. Әзірбайжан еліне жетістіктер тілеймін. Халқына ерекше құрмет танытып, бауырлас елге тыныштық пен бейбітшілік тілеймін», - деді Сүлейменов.
Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыстар биыл 27 қыркүйекте басталған. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, екі тарапта қаза тапқандар саны 5 мың адамға жуықтаған.




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31