Ел жаңалықтары

Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

  • Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

    Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

Алматыда ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бигелді Ғабдуллин мәлімдеуінше,  Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

 
"Бүгін арнайы бригада оларды ковид жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Оған кіру мүмкін емес.

Маргарита Владимировна Олжекеңе қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысады, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға ерекше себеп жоқ, емдеу қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус инфекциясын жұқтыруға байланысты ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

"Олжас Сүлейменов әйелімен бірге РВ-90 ауруханасына жеткізілді. 5 қаңтардан бастап олар жеңіл ауырлықтағы коронавирус инфекциясы диагнозымен емделуде. Алайда ерлі-зайыптылар сауығып келеді. Ертең, 15 қаңтарда жағдайдың жақсаруына байланысты үйде емделуге шығару жоспарланған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Олжас Сүлейменов былтыр мамыр айында 84 жасқа толды. Ол Семейдегі полигонның жабылуына елеулі үлес қосқан.




Көрілген: 228    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31