Ақтөбелік келіншек OLX сайты арқылы гаджетін сатамын деп 100 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
35 жастағы әйел планшет сатқысы келген. Ол OLX порталына фотосын және бағасын жариялаған. Біраз уақыттан кейін бір кісі хабарласып, тауарды рәсімдеу керек екенін жеткізген.
"Содан сатушының сеніміне кіріп, WhatsApp мессенджері арқылы сайттың сілтемесін жіберген. Сол жерде тауарды рәсімдеу керек деді. Сатушы әйел сеніп, сайтта жеке мәліметтерін енгізген. Ақырында банк картасындағы барлық ақшасы – 100 мың теңгеден айырылды", - дейді полицейлер.
Алматы облысында автобус 8 автокөлік пен трактормен соғысты
Қазіргі кезде күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар басталды.