"Он минут ішінде істеуі мүмкін емес": Қарағандыда өгей қызына зорлық көрсеткені үшін 17 жылға сотталған ер адамды туыстары кінәлі емес деп отыр

10 желтоқсан 2021, 11:01

Биыл күзде Қарағандыда сот ер адамды 14 жастағы өгей қызына зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда сотталған азаматтың туыстары оған жала жабылды деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап. 

Сотталған Андрейдің туысы Ирина Воронина тергеу оның зорлық көрсеткені туралы ешқандай дәлел таппағанын жекізді. Оның айтуынша, сараптамалар да зорлық-зомбылық іздерін көрсетпеген. 

"Ол 121-бап бойынша заңсыз сотталды. Оның кінәсіздігін дәлелдейтін барлық дәлел бар. Бәрі сараптамаға алынды. Қыздардың, оның өгей қыздарының заттары алынды. Сараптамаларда ештеңе жоқ. Мүлдем ештеңе табылған жоқ", - дейді туысы Ирина Воронина.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ және Андрейдің отбасы апелляция арқылы оның күшін жоюға ниет білдіріп отыр. Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл іске әлі түсінік берген жоқ.

"Бұл жабық процесс - кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс. Ол әлі де қаралып жатыр. Нәтижелерді апелляцияда қаралғаннан кейін хабарлаймыз", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оның туыстары тергеу дұрыс дәлелдер жинамағанын айтты. Іс материалдары бойынша, сол қайғылы күні ер адам жанжалдасып, әйелінің телефонын балконнан лақтырып жіберген, ал әйел оны іздеп жүргенде, ер адам өгей қызын қорлауы мүмкін. Туыстары ер адамның бұрынғы сүйіктісін өзінің тұрғын үй мәселесін осылай шешкісі келеді деп айыптады.

"Менің ойымша, бұл пәтерді иемденгісі келеді. Өгей қызы анасымен келісіп алған. 10 минут ішінде ол ештеңе істей алмады, өйткені әйел қай сәтте қайтып келетінін білмеді, ол бірден жоғарыға көтерілді", - дейді сотталушының туысы Ирина Воронина.

Қыздың анасы баласына сенетінін айтты. Сонымен қатар, психологиялық сараптама жасөспірімнің сөздерінің дұрыстығын растады.