Ел жаңалықтары

Онкология орталығы жаңа ғимаратқа көшті

  • Онкология орталығы жаңа ғимаратқа көшті

    Онкология орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Алматы онкология орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Ғимарат ең соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Соның бірі – радиологиялық корпустағы «Дәріхана роботы». Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет іске асырылған бұл жоба арқылы онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерге қымбат дәрі-дәрмектерді беру процесін автоматтандыруға мүмкіндік тумақ.


«Әдетте, онкологиялық ауруға шалдыққан сырқаттарға берілетін дәрілер қымбат тұрады. Препараттар пациентті индентификациялағаннан кейін немесе саусақ іздері расталғаннан кейін ғана беріледі. Содан кейін автоматтандырылған жүйе оның жеке электронды картасы ашып, дәрігер жазған дәріні қолына береді», - дейді Алматы онкология орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетов.


Айтуынша, жуырда пайдалануға берілген радиологиялық корпуста иммуногистохимия, скрининг және сәулелі терапия бөлімшелері орналасқан. Қаладағы 78 емханада жасалған маммографиялық зерттеулердің нәтижесі скрининг бөлімі мамандарының қолынан өтеді. Белгілі бір ақаулар анықталған жағдайда әйелдер осындағы УДЗ кабинетіне жолдама алады.


Иммуногистохимиялық зертхана мамандары онкологиялық және онкологиялық емес ісіктерді морфологиялық, иммуногистохимиялық және молекулярлық-генетикалық зерттеудің ең заманауи тәсілдерімен тексереді.

«Иммуногистохимиялық зерттеулер қатерлі ісікті анықтауда маңызды рөл атқарады. Сол арқылы пациентке ем тағайындалады. Мысалы, ағзаның гормонды терапияға, таргетті терапияға сезімталдығын анықтаймыз. Мутацияға ұшыраған тіндерді де осы әдіспен зерттейміз. Сол арқылы емнің тиімділігі артады», деп қосты орталық басшысы.


Естеріңізге сала кетсек, мұның бәрі кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде тегін жүзеге асырылады. Алматы онкология орталығы Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер базасына енген, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсететін емдеу ұйымдарының бірі. Жалпы, оңтүстік астана бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін көмек көрсетіп жатқан медицина ұйымдарының саны – 184. Олармен 105 млрд теңгеге келісімшарт бекітілген.

 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30