Ел жаңалықтары

Өңір "сары" аймаққа кірген: Қызылорда облысында карантин қатаңдатылды

  • Өңір

    Өңір "сары" аймаққа кірген: Қызылорда облысында карантин қатаңдатылды

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері карантиндік талаптарды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бұл Қызылорда облысының 8 сәуірден бастап "сары" аймаққа енуімен байланысты екенін атап өтті.

 
Құжатқа сәйкес, тыйым салынады:

қоғамдық орындарда кальяндарды қолдану;
ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, "ауыз ашар" және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу;
банкет залдарының жұмысына;
букмекерлік кеңселердің қызметіне;
бильярд, боулингтердің ("Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат), компьютерлік клубтардың ("Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат) түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне;
балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге;
балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына (жабық бөлмелердегі ойын алаңдары мен аттракциондар);
көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге.
Төмендегі қызмет түрлеріне рұқсат етіледі:

алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысына;
қоғамдық көлік жұмысына;
банктердің, ХҚКО-лардың, "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінің жұмысына (жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін);
қызметкерлердің кемінде 50% ұйымдарда, кеңселерде күндізгі жұмыс режимінде жұмыс істеуіна;
белгіленген талаптарды сақтаған және ұжымдық іс-шаралар өткізбеген кезде діни объектілердің жұмысына;
қоғамдық тамақтану объектілерінің (үй-жайда) 50% - ға дейін, бірақ 50 орынға дейін толтырылған кезде кестемен 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуі;
жексенбіден басқа күндері сауналардың жұмысына;
мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық) - 30 адамға дейін;
театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының толтырылуы 20 пайыздан аспай жұмыс істеуіне;
алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның жұмысына;
толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға арналған спорттық жаттығулар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру).
Сондай-ақ, Қызылорда облысының барлық аумағында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді жалғастыру тапсырылды.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 23:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31