Ел жаңалықтары

Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр

  • Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр

    Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр

Президент науқастар саны туралы нақты дерек, әсіресе, оқушыларды оқыту форматын анықтау және бизнес пен халық үшін карантиндік шектеу шараларын енгізу кезінде маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде коронавирустың нақты статистикасын анықтау үшін зерттеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Пандемия кезінде медициналық статистиканың шынайылығы ең өткір мәселе болды. Өңірлер рейтинг қуып, жазадан қорқып, нақты жағдайды жасырады. Біз негізделген шешім қабылдау үшін халық денсаулығының нақты көрсеткішін білуге міндеттіміз. Пациенттердің тағдыры бұған тікелей байланысты. Сол себепті тез арада барлық өңір мен жас топтары бойынша коронавируспен ауырудың нақты статистикалық зерттеуін ұйымдастыруды тапсырамын. Ол бір ай ішінде жасалып, жаңартылып отыруы тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент науқастар саны туралы нақты дерек, әсіресе, оқушыларды оқыту форматын анықтау және бизнес пен халық үшін карантиндік шектеу шараларын енгізу кезінде маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. 

"Жұмысқа атүсті қарамай, қателіктен сабақ алуымыз керек. Пандемияның басталғанына бір жылға жуық өтті, осы уақытта жинаған тәжірибені ескеру қажет. Қазір бірқатар ел шектеу енгізу үшін халықтың иммундық мәртебесін негізгі критерий ретінде қарастырады. Біз де экономикалық және санитарлық шаралар балансы негізінде жаңа шынайылық құруымыз керек. Бұл үшін бізде отандық IT-компаниялардың әзірлемелері бар", - деді мемлекет басшысы. 

Осыған байланысты Тоқаев үкіметке "Атамекен" ҰКП бірлесіп бір ай ішінде иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-код енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31