Оралда 26 жастағы жұмысшы тоққа түсіп қаза тапты

01 қазан 2021, 12:20

Оралда ток соққан 26 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сәйкес, оқиға 30 қыркүйек күні сағат 14:00-де Желаев кентіндегі өндірістік аймақта болған.

"ГренАгроТренд" ЖШС-ға кіреберістегі тұйық жолда жүк вагондарын пломбалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1995 жылғы жұмысшы абайсызда электр сымдарына тиіп кеткен. Соның салдарынан ток соққан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.