Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған адамның денесі табылды

07 тамыз 2022, 11:22

Оралда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Департамент мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесі бойында болды.

«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - делінген хабарламада.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.