Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда демографиялық атлас құрастырылды

13 желтоқсан 2012, 14:10

Батыс Қазақстан облысы халқының құрамы қаншалықты өзгерді? Жасы мен жынысы, саны жағынан қалай жіктеп-жіліктеуге болады? Осы жағдайларды елеп-екшеген арнайы атластың жақында тұсаукесері өтті.
Оралда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақжол», «Еуразиялық ғалымдар одағы» қоғамдық қорлары ұйымдастырған халы­қ­аралық ғылыми-сараптамалық конференцияда бұл жаңалық жария етілді. Басқарма бастығы Марат Тоқжанов ғалымдардың еңбегіне жоғары баға берді. «Аймақтағы демографиялық үрдістерді ғылыми негізде жүйелеп, сапалы дүние жасау оңай шаруа емес. Сіздерді осы жұмыстың ойдағыдай аяқталуымен құттықтаймын», – деді Марат Лұқпан­ұ­лы.
«Ақжол» қоғамдық қорының төрағасы Мұрат Сыдықовтың айтуынша, атласты әзірлеуге төрт жыл уақыт кеткен. «Атласты әзірлеу үшін тыңғылықты дайындалдық. Себебі халықтың есебі мен құрамын анықтау, статистикалық деректерді жүйелеу – күрделі шаруа. Оның үстіне бүгінгідей жаһандану дәуірінде, халық әрі-бері жайлы жағдай іздеп, қо­ныс аударып жатқан кезеңде өте қиын. Миграцияны мұқият зерттемесе болмайды», – деді М.Сыдықов.
Татьяна ТЕРЕЩЕНКО, Атлас авторларының бірі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті:
– Атласты құрастырған кезде Батыс Қазақстан облысы халқының өсімі, саны, миграциялық үрдістер, этникалық, жыныстық құрамы толық ескерілді. Соңғы 20 жылдағы деректерді бұлай елеп-екшеу ел дамуының келешек жоба-жос­парларын әзірлеуге үлкен көмек болатындығы сөзсіз. Атластың құндылығы сол, мұнда облыс­тың әр ауданы мен Орал қаласына дербес бөлім арналған. Барлық жұмыс соңғы ақпараттық технологиялар арқылы атқарылды.  

Онда Орынбор мемлекеттік университетінің доценті Ирина Филимонова, Қалмақ универ­сите­тінен Петр Кольцов, Ақтөбе педагогикалық инсти­тутынан Айгүл Сергеева, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан Раушан Ғабдуалиева секілді белді ғалымдар баяндама жасады.