Оралда егіз босанған келіншек көз жұмды

03 мамыр 2022, 15:18

Оралда егіз босанған келіншек көз жұмды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 
30 сәуір күні қалалық көпсалалы ауруханада 35 жастағы әйел қайтыс болды. Егіз босанғаннан кейін әйелдің жағдайы нашарлаған. Сәбилер перзентханадан анасыз шықты. 

Жаңа туған екі сәбиден бөлек, әйелдің тағы үш баласы бар болып шықты. Қара жамылған үйдің тұңғышы небәрі 10 жаста.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар қызметтік тергеуден кейін ақпарат беретіндерін мәлімдеді. 

Айта кетейік, жуырда ғана Оралда жаңа босанған әйел көз жұмды. 10 күн бойы комада жатқан Таңшолпан Мұқанова 29 сәуір күні қайтыс болды. Әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлады. Ал денсаулық сақтау министрлігі аталған жайтқан қатысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуге уәде берді.