Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда электр жарығымен қамтуға бөлінген жарты миллиард теңге қолды болды

04 ақпан 2021, 01:56

Батыс Қазақстан облысын электр жарығымен қамтуға бөлінген жарты миллиард теңге жымқырылған. Қаржылық мониторинг агенттігі қомақты қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа ауданға бөлінгенін айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

540 миллион теңгеге жуық бюджет ақшасы Орал қаласының маңынан салынуы тиіс елдімекенді жоспарлау жобасына арналыпты. Тергеу амалдарының басталғанын алға тартқан жергілікті әкімдік бұған қатысты тіс жармады. Ал, құзырлылар өзге ақпараттарды жариялаудан бас тартты. 

«Департамент бұл қаражаттың БҚО, Орал қаласындағы тұрғын үй аймағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын электр қуатымен қамтамасыз ету нысанына салынғандығын анықтады. Тергеу мүддесіне орай, басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - деді БҚО Экономикалық тергеулер департаментінің бас маманы Айнагүл Мұташева.