Ел жаңалықтары

Оралда карантин кезінде достарымен басқосу ұйымдырған алматылық блогер ұсталды

  • Оралда карантин кезінде достарымен басқосу ұйымдырған алматылық блогер ұсталды

    Оралда карантин кезінде достарымен басқосу ұйымдырған алматылық блогер ұсталды

Алматылық блогер Оралда карантинді бұзғаны үшін ұсталды, ол достарымен бірге қаладағы кафеде басқосу ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блогер

Polisia.kz ресурсының мәліметінше, ғаламторға видео жүктелгеннен кейін полиция қызметкерлері достарымен бірге ер адамды ұстаған.

 

Полиция қызметкерлері  Қазақстанның үш азаматы карантин режимін бұзғанын білген соң, яғни қоғамдық орындарда болған, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізген.

"Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген барлық адамдар ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондайақ көңіл көтеру мекемесінің қожайынына қатысты жауапкершілік шарасы сайланады",-деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полицейлердің мәліметіне қарағанда, роликтің авторы - Алматы қаласының тұрғыны 31 наурызда Ресейден Орал қаласындағы досының шақыруы бойынша қалаға карантин режимін енгізгенге дейін келген.

Белгібековтің айтуынша, ер адамға өзін-өзі оқшаулау тәртібін сақтау және 14 күн тұратын жерінен шықпау ұсынылған, алайда ол осы талаптарды бұзған.

"Жазалау шарасын сот анықтайды", – деп нақтылады Болатбек Белгібеков.




Көрілген: 271    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 08:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31