Оралда токқа түскен қыздың өліміне кінәлілер әлі жазаланбаған

04 мамыр 2022, 23:36

Оралда былтыр токқа түсіп, көз жұмған кішкентай Айяның өліміне кінәлілер әлі анықталмаған. Ашынған ата-ана бір жылдан бері талай табалдырықты тоздырғанымен, еш нәтиже шықпағанын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Айяның анасы Әлия Нәубетованың айтуынша, бұл істі тергеушілер жиі ауысқан. Еске салсақ, ата-анасымен бірге туыстарының үйіне қонаққа барған Айя ойнап жүріп токқа түсіп қалған.  Куәгерлердің айтуынша, ойын баласы ауладағы газ құбырын ұстап алғаннан кейін қайтыс болыпты. Құбырға электр тогы келіп тұрғаны кейін анықталған. Мұны дәрігерлер берген анықтама да растайды. Бірақ токтың құбырға неге жалғанғаны және бұған кімнің кінәлі екені әлі күнге анықталмай отырған көрінеді.

 «Біздің Оралдың құқық қорғау органдары дұрыс жұмыс жасай алмайды деп ойлаймын. Өйткені бір жылдың ішінде қарапайым нәрсені тергеуді жүргізе алмайды. Күн сайын кінәлі адам табылса екен деп Алладан тілеп отырамын», - дейді марқұмның анасы Әлия Нәубетова.