Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда үш қабатты ғимарат өртеніп, 2 адам құтқарылды

31 желтоқсан 2022, 01:08

Оралда үш қабатты ғимарат өртеніп, 2 адам құтқарылды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Департамент мәліметінше, оқиға 30 желтоқсан күні сағат 19.34-те Ә.Молдағұлова көшесі, 22 мекенжайында болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиалының ғимаратында 1-қабаттағы архивте, сондай-ақ 2-қабатта өрт шықты. Оның жалпы аумағы 80 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан ғимарат күзетшісі, 40 жастағы ер адам мен оның 16 жасар қызы құтқарылды. Алдын ала диагноз бойынша орта дәрежелі газдан уланған қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. «Тілсіз жау» сағат 20.18-де оқшауланып, 20.51-де толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - делінген хабарламада.