Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырды

26 мамыр 2022, 11:30

Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырып алды. «Жедел жәрдем» бригадасына  қала маңындағы Деркөл ауылынан шақырту түскен. Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне «Жедел жәрдем» бригадасымен 10 минутта жеткенімен, перзентханаға үлгірмепті. 

Жедел жәрдем бригадасының құрамында тәжірибе жинақтап жүрген студент толғағы күшейген келіншекті дереу  босандырып алады,  сәбидің кіндігін де өздері кесіпті.  Қазір сәбидің денсаулығы жақсы, ертең перзентханадан шығарады.  

Айсұлтан НҰРЫШЕВ, «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» САНИТАРЫ: Менің практикам жүріп жатқан кезде осындай көмекші болып жүргенімде үшінші босану бұл. Машинаның ішінде екеуі, біреуі үйдің ішінде болған жағдай. Асықпай, өзіміздің қолдан келетін көмегімізді көрсетіп, барлығын алгоритм түрінде жүргіздік.  

Еркебұлан ЖАСҰЛАНОВ, «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ФЕЛЬДШЕРІ: Қатты күшеніп, толғағы келіп, баланы аман-есен босандырып алдық. Өмірге 3 кг болатын қыз бала дүниеге келді. Бойы 52 см болады. Барлық көмекті көрсетіп, қалалық көпбейінді ауруханаға сәбиді де, анасын да аман-есен жеткіздік.

astanatv.kz