Ел жаңалықтары

Оралдық тұрғын төбелесті тоқтатпақ болып оқ атқан

  • Оралдық тұрғын төбелесті тоқтатпақ болып оқ атқан

    Оралдық тұрғын төбелесті тоқтатпақ болып оқ атқан

Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

 
Ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер болған жоқ.

Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеледі. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді. Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған екен.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы барларды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. 1988 жылы туған Б. есімді азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оның қаруы тіркелген», - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.12.2021, 05:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31